Кешеден бері доллардың бағамы өзгерген жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Қытай Халық Республикасында мереке күні ( ҚХР құрылған күні) болғандықтан, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты.