Шенеуніктер кейде бизнеске ақылға сыймайтын талаптар қояды - Бас прокуратура
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура кейде шенеуніктер тарапынан бизнеске қисынға келмейтін талаптар қояды деп есептейді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікке үлкен кедергілер келтіріп жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының алқа мәжілісінде Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».