«Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында 76 нысанның құрылысы аяқталды
![«Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында 76 нысанның құрылысы аяқталды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160930172600.jpg)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында 76 нысанның құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, еркін экономикалық аймақтағы «Құрғақ порттың» құрылысы мен инфрақұрылымы қазан айында аяқталады деп жоспарланған. Бүгін бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстық мәслихат депутаттарының алдындағы есебінде мәлім етті.