Еңбек жолы ел Тәуелсіздігімен өрілген ұлағатты ұстаздар
![Еңбек жолы ел Тәуелсіздігімен өрілген ұлағатты ұстаздар](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160926125529.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздікпен құрдас жандар туралы естіп, біліп жүрсек, еңбек жолы азат елмен бірге өрілген, өз мамандығының «отымен кіріп, күлімен шыққан» жандар туралы сөз қозғау Қазақстанның жаңа тарихын жазушылардың міндеті десек, артық айтқан болмас. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі бүгін еңбек өтіліне 25 жыл, от басын құрғанына 25 жыл толып отырған ұлағатты ұстаздардың берекелі шаңырағы туралы қызықты өмірдерек сұхбатты оқырман назарына ұсынбақ.