Мұхтар Құл-Мұхаммед: Батыс Қазақстанда агробизнесті дамытуға барлық жағдай жасалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары өңірде маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысымен танысты. Мемлекеттің қолдауымен ісі өрге басқан қос шаруа қожалығында және жиһаз фабрикасында болып, еңбек ұжымымен кездесті.