Жалпыға бірдей декларация - көлеңкелі экономиканы күйрете ала ма
![Жалпыға бірдей декларация - көлеңкелі экономиканы күйрете ала ма](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160822170529.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауға көшу жоспары белгіленген. Ондай ауқымды шараның мақсаты көлеңкелі экономикаға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес үшін жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жиналуын қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.