Астанада 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың жеті айында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1 311 645 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-шілдедегі деңгейден 23,4%-ға жоғары. Барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 11 987 пәтерлік тұрғын үй тапсырылды.