Астанада әлеуметтік нысандардың 90 пайызы жылыту маусымына дайын
![Астанада әлеуметтік нысандардың 90 пайызы жылыту маусымына дайын](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160822162818.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған 2455 әлеуметтік нысанның 2335-і немесе 90,5% жылыту маусымына дайын. Атап айтқанда, 2146 тұрғын үй, 28 денсаулық сақтау, 152 білім нысаны және 9 мәдениет мекемесі.