Риода Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хаты тапсырылды
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы Қазақстан үйінде баспасөз мәслихаты өтіп, осы орайда Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке Елбасының құттықтау хатын тапсырды, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.