Дала кемеңгерлері - билердің өнегесін ұмытпайық - Е.Боранбаев, БҚО сотының судьясы
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет әдебін сақтауда дала кемеңгерлері - билердің өнегесін ұмытпайық. Бұл туралы БҚО соты мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі БҚО бойынша департаменті Бөрлі және Жаңақала аудандарында бірлесіп өткізген «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» атты семинарда облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен жұмысты үйлестірушісі әрі судьялар этикасы жөніндегі комиссия мүшесі Есенбай Боранбаев мәлім етті.