Қазақстанда жыл соңына дейін 700-ден астам ұлттық стандарт енгізу көзделеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда биылғы жылдың соңына дейін 700-ден астам ұлттық стандарт енгізу көзделеді. Бұл туралы бүгін ЕАЭО аясындағы техникалық реттеу жүйесі мәселелеріне арналған жиында Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Доғалов мәлім етті.