«ҚазАзот» бірінші тоқсанда өнім экспорты көлемін үш есеге арттырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАзот» ЖШС ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 79 200 тонна азот минералды тыңайтқыштар (аммиак селитрасын) өткізді, оның 2,2 млрд теңге сомаға 34 500 тоннасын компания экспорттады, ол 2015 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда шамамен 3 есеге артық, деп хабарлады www.pm.kz.