Ақтөбеде ашық аспан астында дене шынықтыруға арналған спорт алаңдары ашылды (ФОТО)
![Ақтөбеде ашық аспан астында дене шынықтыруға арналған спорт алаңдары ашылды (ФОТО)](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160727191154.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Ақтөбе қаласында ашық аспан астында дене шынықтыруға арналған спорт алаңдарын ашты. Осылайша, облыс орталығында төрт street workout аймағы жұмыс істейді. Бұл туралы еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.