Астанада көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті
![Астанада көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша қоғамдық тыңдау өтті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160727195610.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімдігінің ғимаратында Астана қаласының қоғамдық кеңесі елорданың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі бойынша тыңдау өткізді. Қоғамдық көлік жүйесін, электронды жолақы төлеу жүйесі (ЭЖТЖ), қалалық такси, ақылы тұрақтар енгізу, сондай-ақ, көше-жол желісін ұйымдастыру, соның ішінде біржақты көлік қозғалысын енгізуге қатысты мәселелер қоғам талқылауына ұсынылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің ресми сайты хабарлады.