Қостанай облысында жолаушылар автобусының апатынан жараланғандардың үшеуі ауыр халде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жолаушылар автобусының апатынан жараланғандардың барлығы (25 адам) Қарабалық аудандық ауруханасына жеткізілді, үш адам ауыр халде. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне аурухананың бас дәрігері Бектерхан Шымпейісов айтып берді