2016 жылдың маусымында ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығына қатысуын барынша азайтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2016 жылдың маусымында ҚР Ұлттық Банкі валюта нарығына қатысуын барынша азайтты. Нетто-сатып алу көлемі 2,5 млн. долларды құрады. Сәйкесінше, Ұлттық Банктің валюта нарығына қатысу үлесі барынша төмен болып, 0,1%-ды құрады. Бұл туралы бүгін реттеушінің Интернет-порталында жарияланған ҚР ҰБ-ның «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» баспасөз релизінде айтылған.