ҚР Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері өсті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2016 жылғы маусымда ҚР Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері 1 891,0 млн. долларға немесе 6,6 пайызға өсті. Бұл ретте шетел валютасындағы активтер 937,2 млн. долларға, сондай-ақ, бағасының 8,8 пайызға өсуі кезінде жүргізілген операциялар нәтижесінде алтындағы активтер 953,8 млн. долларға ұлғайды, - деп атап өтілген ҚР ҰБ-ның «Қаржы нарығындағы ахуал туралы» жарияланған баспасөз релизінде.