Олимпиаданың басталуына 9 күн қалды
![Олимпиаданың басталуына 9 күн қалды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160725222638.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы Олимпиялық ойындардың сөреден шығатынына санаулы ғана күндер қалды. Содан кейін 16 күнге созылатын аламан жарыс басталып кетеді. Бұл спорт тойынан біздің де үмітіміз бар. Бұған дейінгі Олимпиялық ойындарда жеткен жетістіктеріміз едәуір болса, бұл жолы да спортшыларымыз өздерінен үлкен үміт күтіп отырған жұртын қуандыра алатын шығар деген үміттеміз. Ал бүгінгі бет аясында «Егемен Қазақстан» газеті Бразилия жерінде атой салатын бір топ саңлақтарымыз туралы сөз қозғап отыр.