Алматыда Сафар Шәкеевті іздестіруге ҚР Ұлттық ұланының сарбаздарын тарту жоспарлануда
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда композитор Еркеш Шәкеевтің жоғалған ұлы Сафар Шәкеевті іздестіруге ҚР Ұлттық ұланының сарбаздарын тарту жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады.