Отарда төтенше жағдай орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Гвардейский» әскери полигонында төтенше жағдай болды. Халықаралық әскери ойындарға дайындық бойынша жаттығу жұмыстары кезінде Ангола командасында 120 мм миномет жарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.