ДЕНСАУЛЫҚ: Кеш ұйықтаудың зияны зор
![ДЕНСАУЛЫҚ: Кеш ұйықтаудың зияны зор](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160727083332.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс мезгілінде еркінсіп, түнімен ғаламтор ақтарып немесе кітап оқып көптеген адамдар кеш ұйықтайды. Бұл ұйқы режимін бұзады. Кеш ұйықтаудың кесірінен ағзаға артық күш түсіп, түрлі аурудың қозуына себеп болады. Сондықтан, кеш ұйықтаудың зиянды жақтарын біле жүріңіз, деп жазады «Массагет» порталының Денсаулық айдары.