Алматы облысында аламан бәйге өтеді
![Алматы облысында аламан бәйге өтеді](http://www.zhetysu.gov.kz/upload/iblock/a77/a778fd1b1171e313d2f6c2f1abd74c5a.jpg)
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 29 шілдеде сағат 14.00-де Райымбек ауданындағы Қарқара ауылының Мыңжылқы жайлауындағы атшабарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» атты шаралар аясында ұлттық ат спорты түрлерінен және қазақ күресінен ашық облыстық жарыстар өткізіледі.