Астаналық азамат Риоға баратын боксшыларды үйінен дәм татқызып, батасын берді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада соңғы жаттығуын пысықтап жатқан бокстан Қазақстан ұлттық құрамасын елордадағы белсенді азаматтардың бірі Тәубежан Айтілеуов үйіне шақырып, алдарына ақ дастархан жайып, батасын берді. Бұл туралы белгілі журналист Мәди Манатбек өзінің фейсбуктегі жеке парақшасында жазды.