Алматыда Арбаттағы өрт сөндірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Арбаттағы өрт сөндірілді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, бүгін таңғы сағат 07:49-да Алмалы ауданында, Панфилов көшесі №99-шы мекенжайында орналасқан Д. Қонаев атындағы Халықаралық Қор ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.