Алматыда әйел зорланған түрменің басшысына қатысты іс жеке өндіріске шығарылды
![Алматыда әйел зорланған түрменің басшысына қатысты іс жеке өндіріске шығарылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160712185656.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда сотталушы әйел зорланған түрме мекемесінің бастығының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуі мүмкін. Қазір оған қатысты іс бөлек өндіріске берілді. Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында Наталья Слекишинаның адвокаты Айман Омарова хабарлады.