23 шілдеде Қазақстанда жауын-шашынды ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен найзағай ойнап, желдің ұйтқуымен жауын-шашынды ауа райы сақталады, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет.