Алматы әкімі Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыс етті (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың атынан 18 шілдеде қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан полиция қызметкері Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыс етті. Сонымен қатар, жаңа пәтерді жөндеп, ретке келтіру жұмыстары бойынша да көмек көрсетілетін болады.