Бүгін қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев 95 жасқа толды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 95 жыл бұрын (1921) Ұлы Отан соғысының ардагері, партия және мемлекет қайраткері, құрметті теміржолшы, Тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамының құрметті президенті ЖИЕНБАЕВ Сұлтан Сүлейменұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін, Алматыдағы саяси жетекшілердің орынбасарларын дайындайтын курсты бітірген. Алматыдағы «Қазақ мал дайындау» кеңсесінде, одан кейін Қазақстат басқармасында қызмет істейді.