Қазақстанда бес облыс егін жинау науқанын бастады
![Қазақстанда бес облыс егін жинау науқанын бастады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160722123549.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігінде бес облыс егін жинау науқанын бастап кетті. Ал осы егін егу мен оны ору науқанын қаржыландыру үшін «ҚазАгро» холдингіне 60 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие берілген. Бұл ақша шаруалар тарапынан неше есемен қайтатынын осы жылдың желтоқсанында жария етеміз деді холдинг басшылығы.