Алматыда 174 адам Нұрсұлтан шыңына шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 3 шілде күні Алматы іргесіндегі Шымбұлақ шатқалынан бастау алатын жыл сайынғы «Нұрсұлтан - 2016» Альпиниадасы өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Алматының 1000 жылдық мерейтойына арналған бұл спорттық шараға қатысуға 1200-ден астам адам тіркелген болатын. Дегенмен, Нұрсұлтан шыңына ауа райының қолайсыздығына байланысты барлығы 174 адам көтерілді. Ал «Скайраннинг», яғни тау басына шапшаң жүгіріп шығу жарысына - 82 адам қатысты, - деп хабарлайды Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.