Қазақстан мен Түркияның арасы туризмсіз-ақ берік болады - Ш. Әли (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл он екі ай бойы төрт теңіздің ауасымен тыныстайтын түрік халқы туризм деген саланың түгін қалдырмай игерген халық. Ал, биыл туризм қатты дамыған аймақ, Жерорта теңізінің жағасындағы Анталия қаласы үлкен баққа айналды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сәуірдің соңында Анталия қаласында «Балалар мен гүлдер» тақырбындағы «Экспо»-2016 көрмесі ашылған болатын.
