бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын арттыру
Құрылысшы үй салады, үй салар алдында оның фундаментін құяды, ол қаншама мықты болса, үй соншама кез келген жер сілкінісі, немесе басқа да табиғи апаттарға төзімді келеді. Бүлдіршіндерге білім беру де солай болмақ, яғни білімнің негізі – бастауыш сыныптан басталады. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, қолына бірінші рет қалам алып, әліппемен танысып келе жатқан баланың ертеңгі болашағы бастауыш сынып мұғаліміне көбірек байланысты.