Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен еліміздің Украина, Грекия және Жапониядағы Елшілері ауысты. Мұнан бөлек, жаңа білім вице-министрі қызметіне кіріссе, жергілікті жерлерде де кадрлық ауыс-түйіс орын алды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.