Қаллеки театры «Шие» премьерасын ұсынады (ФОТО, ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры көрермен назарына кезекті жаңа премьерасын ұсынады. Театр сәуір айының 18-19 күндері сағат 19.00-де драматург Антон Чеховтың «Шие бағы» пьесасының негізінде «ШИЕ» комедиясының премьерасын өткізеді.