Б.Байбек пен Қазақстан аруы - Р.Вандышева Алматыда веложарым маусымын ашты (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда веложүру маусымының ашылуы өтті. Биылғы жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған қаладағы бірінші веложарыс бүгін сағат 08:30-да әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшелерінің қиылысында басталып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталды. Жарыс 9 шақырымға созылды. Бұл Алматыдағы веложарыстардың бесінші маусымы.