Павлодарлық оқушылар 2016 жылғы үздік олимпиадалық команда атанды
Павлодар облысының оқушылар командасы жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша республикалық олимпиадада «2016 жылғы үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды, деп хабарлады білім басқармасының маманы Балжан Әділханова.