Алматыда «Алтын сақа» балалар спектакльдерінің фестивалі ашылды (ФОТО)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалінің ашылуына орай, баспасөз мәслихаты өткізілді. Онда театр басшылығы аталмыш іс-шараның қыр-сырына тоқталды.