Астана оқушылары Көкшетаудағы олимпиадада үздік атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетауда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада аяқталды. Бес күн бойыеліміздің барлық өңірлерінен жиналған 735 оқушы түрлі бағыттар бойынша сайысты. Жаратылыстану-политехникалық бағытта астаналықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, «Үздік команда» атанды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.