Санатына сәйкеспейтін баспаналарды жарнамалап сатуға тыйым салынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санатына сәйкеспейтін баспаналарды жарнамалап сатуға тыйым салынады. Бүгін Сенатың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.