Құрт пен қымыз Қытайға экспортталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақтың ұлттық тағамдары қымыз бен құртты қытайлық кәсіпкерлер зертханалық сараптамадан өткізіп, жоғары сапалы өнім түріне жатқызды. Бұған дейін қымыз өндірісімен танымал болған Павлодардың «Сағып» шаруа қожалығы енді құрт жасауды қолға алды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.