Қазақстан жасампаздық жолына түсті - М.Скок
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқанын бақылауға келген халықаралық байқаушылардың қатарында Қазақстандағы Канаданың бұрынғы Елшісі Маргарет Скок та болды. Канадалық саясаткер елімізге сапары кезінде «ҚазАқпарат» тілшісіне сұхбат берген болатын.