Алдын ала мәліметтер бойынша Брюссельдегі терактілер кезінде жапа шеккендердің қатарында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ
![Алдын ала мәліметтер бойынша Брюссельдегі терактілер кезінде жапа шеккендердің қатарында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ](http://www.inform.kz/fotoarticles/20150302165534.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша Брюссельдегі терактілер кезінде жапа шеккендер мен қаза тапқандардың қатарында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов мәлім етті.