Сайлау күні қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін 20 мыңнан астам тәртіп сақшысы жұмылдырылған
АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстанда өтіп жатқан сайлау күніндегі тәртіпті қадағалау үшін ішкі істер органдарының 20 мыңнан аса қызметкері күш жұмылдырылған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, брифинг өткізген Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов мәлім етті.