Гонконгта бірінші болып ҚР-ның Вьетнамдағы Елшілігінің дипломаттары дауыс берді
БЕЙЖІҢ-ГОНКОНГ. ҚазАқпарат - ҚР-ның Гонконг қаласындағы (ҚХР) Бас консулдығының жанындағы №243 сайлау учаскесінде бірінші болып ҚР-ның Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов пен ол басқарып отырған дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері дауыс берді. Олар Гонконгқа ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына дауыс беру үшін арнайы келген. Бұл туралы аталған учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Руслан Байшалов хабарлады.