Алматыдағы сайлау учаскесіне бомба қойылды деп жалған ақпарат берген үш адам ұсталды - ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінінің бірінші орынбасары Марат Демеуов хабарлағандай, Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне «бомба қойылды» қойылды деп, жалған ақпарат таратқан тұлғалар анықталды. Сондай-ақ, тәртіп сақшысының айтуынша, сайлау учаскесі бұған дейін күні-түні бақылауда болғандықтан және әр бұрышына дейін әбден тексерілгендіктен, адамдарды қауіпсіз жерге көшірудің қажеті болмаған.