Маңғыстауда 7 мың мұнайшы үшін 5 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында таңертеңгі сағат 7:00-де сайлаушылар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына дауыс беретін 115 сайлау округі мен 199 сайлау учаскесі ашылды. Облыс бойынша 6 партиядан 281 кандидат тіркелді. Басқалардың қатарында Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқали да дауыс берді.