Түркиядағы лаңкестік әрекет кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ - ҚР СІМ
АСТАНА. ҚазАқпарта - Түркия еліндегі лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.