Мәдениет және спорт министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды. Бұл қызметке ведомства Жауапты хатшысының бұйрығымен Әкімшілік департаменттің директоры Еренай Тілеуұлы Дәржібаев бекітілді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.