Шығыс Еуропада Hyperloop дыбыстан ұшқыр пойызын іске қосады
![Шығыс Еуропада Hyperloop дыбыстан ұшқыр пойызын іске қосады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160312114927.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Hyperloop Transportation Technologies компаниясы Словакия үкіметімен Братиславаны Венамен және Будапештпен жалғайтын дыбыстан ұшқыр көлік жүйесін құрастыратыны туралы шартқа қол қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Mashable хабарлады.