ҚР Президенті 2016-2018 жылдарға арналған бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді
![ҚР Президенті 2016-2018 жылдарға арналған бюджет туралы заңға өзгерістер енгізді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20151123183608.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға бағытталған «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.